сйлеуді дамыту дидактикалы ойын картотекасы кіші топ
Балабақшадағы кіші топтарға арналған дидактикалық ойындар
Ищем педагогов в команду «Инфоурок»
Балабақшадағы кіші топтарға арналған дидактикалық ойындар
Барлық жас топтарына берілген ойындардың мазмұнында берілген түстерді ажырату, салыстыру, түс үйлесімділігін сезіну, бояу түстерін қолдану дағдыларын қалыптастыру міндеттерін іс-әрекетті ұйымдастыру барысында тәрбиеші таңдап, талғап, бағдарлама талаптарына сай қолдану ескертіледі.
Жапсыруға бейімдеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр топ бүлдіршіндеріне төмендегідей ойындар ұйымдастыруға болады.
Тақырыбы: Мысықтың баласы доппен ойнайды.
Ойынның тәрбиелік мәні: Дөңелекшелерді фланелографта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлауға бейімдеу; берілген тапсырмалар бойынша қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларды көркемөнер бұрышына шақырып, балалардың назарын фланелографтағы (магнитті тақтада) мысықтың баласына аударады. Мысықтың баласының түр-түсін, дене мүшелерін атап беруді сұрайды.
Тәрбиеші: мысықтың баласының сүт ішкісі келіп тұр екен, балалар, мына ыдыстағы сүтті алдына қояйық, деп мысықтың баласына сүт беретін ыдысты фланелографқа орналастырады. Мысық жан-жағына қарап, ыдыстағы сүтті енді көрді. Ол сүт ішкісі келіп тұр.
Мысықтың баласы сүтті қайтіп ішеді, көргендерін бар ма?
көзін жұмып көлгірсіп,
бәрін өзі білгірсіп,
Сонша сараң болғаны,- деп айтып тұрып мысыққа сүт ішкізгендей болады. Енді, әбден тойып алған соң, оның ойнағасы келеді. Мысықтың баласы немен ойнайды? Балалар: шумақ жіппен, доппен деп айтуы мүмкін. «Доппен қалай ойнайды екен, қане, қазір көрейік». Балалар айнала қоршап тұрған үстел үстіне допты кезек-кезек қолдарымен әрі-бері қозғалтып көреді. Мысықтың баласы допты қозғалтады, тәрбиеші дөңгелекті фланелографқа қойып, мысықтың баласының аяғын тигізеді де, дөңгелекті оңға қарай жылжытып қояды. Доп бір орнында тұрмайды. Кім көрсетеді, доп жоғары қарай қалай ұшады? Балалардың дөңгелектерді қойып, мысықтың аяғын тигізеді, балаларға доп жоғары ұшты, оң жаққа, сол жаққа, төменге түсті деп нұсқау береді. өзі мысықтың баласының доптарды қозғалтқанын көрсетіп, ойынды әрі қарай балалардың өздері жалғастыруды ұсынып, басшылық жасап отырады.
«Менің көңілді добым» ойыны ойналады.
Добым менің, добым менің
Өзін неткен көңілді едің,
Деп, допты жерге соғып, балалар доппен бірге секіреді. Ойын соңынан мысықтың баласының ойыны жайында балалардың іс-әрекеті мадақталып, қорытынды жасалады.
«ҰШАҚТАР ҰШЫП ЖҮР» ОЙЫНЫ
Ойынның тәрбиелік мәні. Фланелографта жоғары жағын, төменгі бөлігін ажырата, ұшақтарды бірінен соң бірін тізбектей ұшыру. Жерге қонғанын бейнелеу. Желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Ойынға басшылық. Тәрбиеші үстел үстіндегі қағаздан жасалған ұшақтарды балаларға ұшыртып ойнату үшін көркемөнер бұрышына жинайды. Міне, қазір сендер барлықтарың ұшқыш ұшақтарды балалар бір-бірлеп алып, аспанда тізбектеле ұшқанын бейнелеп, фланелографқа жапсырып орналастырады. Тәрбиешінің ұшақ «ұшты», «қонды» деген тапсырмасы бойынша балалар іс-әрекетті орындайды. Фланелограф бетінде дұрыс орналастыра білулерін, бір-біріне кедергі жасамай, тапсырманы орындауын қадағалайды. Балалар жұмыстарын талдап, бекітіп, қорытынды жасайды.
МЕРЕКЕЛІК ЖАЛАУШАЛАР ОЙЫНЫ.
Ойынның тәрбиелік мәні. Жалаушалардың түр-түсіне қарай араластыра тізбектеуге үйрету. Көргендерін есте сақтап, қиылған жалаушаларды дұрыс орналастыру, кеңістікті бағдарлай білу және желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетіп, қайдан көргендерін, түсін, неден жасалғандығын сұрайды. Мереке кезіңде қала көшелерінің безендірілетінін, өздері топ бөлмесін безендіргенін еске түсіреді.
Енді, мына фланелографта тұрған үйді қарандар. Осы екі үйдің ортасы жіппен жалғасқан. Жіпке біз жалаушаларды ілеміз. Тәрбиеші біреуін орналастырып көрсетеді. Балалар үстел үстінде жатқан жалаушаларды кезекпе-кезек іліп қояды. Жалаушаны алған баладан сұрайды. «Қандай түсті жалаушаның қасына орналастырдың» деп сұрау арқылы түсті ажыратуға тәрбиелейді. Екі-үш қатарға тізген, әдемі безендірілген жалаушаларды тамашалайды, жалауша жайында қандай өлең-тақпақтар білетіндерін, тақпақтарын айтып беруін қалайды.
«САЛЮТ ОТТАРЫ» ОЙЫНЫ.
Ойынға басшылық. Тәрбиеші салют оттары көрінген үлкен суретті көрсетіп отырып, балалардан салютты кім көргенін, қалай көрінетінін сұрауы керек.
Балалар, салют оттары қай жерден көрінеді деп ойлайсындар?
Үйлер фланелографтың төменгі бөлігінде орналасқан. Салют оттары үйлердің үстінен – жоғарыдан, биіктен көрінеді. «Кім орналастырады?». Балалардың біреуі шығып, үйлердің үстінгі жағынан биіктеу етіп орналастырады. Түсі қандай? Фланелографта салют оттары көбейген кезде балалар қуанып, бәрі «Салют, салют» деп, қуаныш сезімдерін білдіреді. Балалардың тапсырмаларды жақсы орындағандарын мадақтап, тәрбиеші ойынды аяқтайды.
«САНДЫҚТЫ ӘШЕКЕЙЛЕЙМІЗ» ОЙЫНЫ
Ойынның тәрбиелік мәні. Әр түрлі пішіндерді ажырату және оны желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық ойынның ерекшелігімен таныстыру.
«ҰҚСАС ЗАТТЫ ТАП» ОЙЫНЫ.
Ойынның тәрбиелік мәні. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай білуге үйрету. Баланың түстерді, пішінді ажыратудағы ой-қиялын дамыту.
Тік төртбұрыш: кітап, портфель, терезе, есік, т.б.
Дөңгелек: доп, алма, апельсин, шар, т.б.
Суреттегі заттар жайында кімнің қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар білетінің сұрау. Енді балаларды үш топқа бөліп, үш түрлі пішінді таратып береді. «Өз орнынды тап» қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындарындағы пішіндер көлемі жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың іс-әрекетің бекітіп, талдау жасайды.
«КЕМПІРҚОСАҚ ТҮСТЕРІ» ОЙЫНЫ.
Ойынның тәрбиелік мәні. Түстерді ажырата білуге үйрету. Қиылған екінші бөлігін теңестіру. Ашық және күлгін түстерді сезіну қабілетін жетілдіру, үлкен-кіші көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастыру.
Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға кемпірқосақ суретін көрсетіп, әңгімелерді оқып берді.
Жаңбыр жауып басылды,
Күннің көзі ашылды.
Көк жиекке көрікті
Қызыл, сары, жасылды.
Тұрды ол ауыл қасында,
Жете алмайсын қуғанмен
Ренжіме, сен, жасыма
Не жайында айтылғаны талданады. Кемпірқосақты көргендерін бар ма? Тәрбиеші фланелографқа кемпірқосақтың жарты бөлігі орналастырады да, қалған бөлігін түстеріне қарай сәйкестендіріп, өзі бір жолағын қойып, қалғанын балаларға орындатқызады. Іс-әрекет барысына, үлкен-кіші көлеміне, түр-түсіне көңіл аударулары қадағаланады. Жұмыс барысындағы балалардың еңбек нәтижелері қорытындыланып, талдау жасайды.
«КӨБЕЛЕКТЕР ГҮЛГЕ ҚОНДЫ» ОЙЫНЫ
Ойынның тәрбиелік мәні. Фланелографтың төменгі бөлігіндегі гүлдерге көбелектің ұшып келіп қонғанын бейнелеу, гүлдердің және көбелектердің түстерін ажыратып, атап білуге үйрету, желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Ойынға басшылық. Тәрбиеші фланелографта орналасқан гүлдерді көрсетіп:
Өзім еккен былтырғы
Ауламызда гүл тұрды.
Мен күн сайын суардым,
Ол күн сайын құлпырды.
Әй көбелек, көбелек,
Ұшып жүрсін төбелеп.
Қажетті көрнекіліктер : Мысықтың баласының сұлбасы, бейнесі, домалақ формалар, фланелограф, түрлі-түсті, қиылған жалаушалар, 2-3 қатар жіптер. Үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек пішіндер, ұқсас заттардың суреттері.
Бірнеше ұшақтар, фланелографта аспанды, жерді бейнелейтін белгілер (бұлт, күн, жерде гүлдер, үйлер, т.б.). Салют оттарына арналған ұсақ дөңгелектер, үйлердің бейнесі, сандықтың үлгі суреті, әр түрлі үшбұрыштар. Қапшыққа салынған кемпірқосақ қиындылары, көбелектер сұлбасы, фланелографқа жапсыратын түрлі-түсті гүлдер.
Дидактикалық ойындар 1 кіші топ
Ищем педагогов в команду «Инфоурок»
Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес
Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру.
Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар.
Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады.
Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді тапсырады.
Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады.Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті саңырауқұлақтарды таңдайды.
Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды ұсынады.
Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді. Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық қуыршақтарды, әрқайсысының өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел үстіне қоюды тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша орналасқан кезде тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды, кейіннен таяқшаларды әкеліп беруді тапсырады.
Аталған ойын 10-12 минутқа созылады,екі рет қайталанады.
Көліктер қандай түсті?
Дидактикалық тапсырма: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру.
Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған түстердегі ойыншық машиналар;
Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс? Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет? Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі түстен- көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып, оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір түсті атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды. Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап,аталған түстегі гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді.
3. Шырша және саңырауқұлақ
Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету. Сөйлесу қабілетін арттыру.
Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас киімі.
Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі.
Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді?
Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады.
Аю ортада тұрып секіреді, балалар қол соғады.
4. Қызықты төртбұрыштар
Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру.
Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі.
Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен. ). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар.
Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.
Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар.
Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады:
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,
Жиналғанда бір ойыншық сияқты.
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады. Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз аталады.
6. Шарлар
Балалардың заттарды түсіне қарай топтастыру икемділігін бекіту және әр текті заттардың түстік ара қатынастарын белгілеуге үйрету.
Материал
8-10 екі түсті үстелдер өлшемі 17,5 х 35см 10 көзшелерінің диаметрі 1,5см бар және биіктігі 4см, қалпағының диаметрі 4см саңырауқұлақ қажет. Үстелдің биіктігі 5см. Үстел беттерін қызыл-көк, жасыл-сары, тоқсары-күлгін түстерге бояу керек. Әр үстелге 10 жақты жинақталған саңырауқұлақ қажет. (үстел түсіне қарай 5 түрлі түсті саңырауқұлақ).
Тапсырманы түсіндіру барысында тәрбиеші үстелдің және саңырауқұлақтың әр түсті екенін, бірақ үстелдің бір жартысы және бірнеше саңырауқұлақтар біркелкі түсте екендігін ескертеді. Егер саңырауқұлақты түстес үстелге орналастырсақ, ол көрінбей, жасырынып қалады да, ешкім оны байқамайды. Ал егер басқа түстегі үстелге орналастырсақ, ол алыстан бірден көзге көрінеді. (осындай түсті саңырауқұлақтар қайда). Бір екі саңырауқұлақты таңдай отырып, тәрбиеші балаларға өз алдарындағы саңырауқұлақтан тағы да біртүсті саңырауқұлақты таңдауларын және оны тәрбиеші үстеліне орналастыруларын сұрайды. Балаларға дұрыс және қате орналастырылған саңырауқұлақтарды көрсетеді. Содан кейін жасырынып қалған саңырауқұлақ көрсетулерін сұрайды. Келесіде әр баланың өз бетімен жұмысты орындауларын қадағалайды. Қатар отырған балаларға әр түстегі құралдар беріледі.Үстел мен саңырауқұлақтың сәйкестігін табуда қиналған балаларға саңырауқұлақты көзшелерге орналастырмас бұрын үстел шетіне қойып салыстыруларын сұрайды.
Бір сабақта әр бала тапсырманы 2-3 рет орындап, 20-30 саңырауқұлақты орналастырып 4-6 түсті меңгереді. Егер бала үстел түсі мен саңырауқұлақ түсін дәл сәйкестендіре алған жағдайда тапсырманы толық орындады деп есептейді. Кейбір балалар жекеленген қателіктер жібереді. Оны тәрбиешінің «сен дұрыс орналастыра алдың ба» деп сұрауы арқылы түзетеді. Кей жағдайда балалар саңырауқұлақты алақандарымен жауып алып, түс сәйкестіктерін ажырата алмайды. Сондықтан тәрбиеші саңырауқұлақты қалай ұстау керектігін түсіндіреді.
Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиеші балаларға үлкендігі бірдей бірнеше жұмсақ ойыншықтарды көрсетеді.Балалар олардың атын атайды.Содан соң психолог балалардан көздерін жұмуын өтінеді де,ойыншықтардың біреуін алып тастайды.
Балалар көзін ашып, қандай ойыншық жоқ екендігін айтады.Ойын 3-4рет қайталанады.
10. Таныс пішіндер доминосы
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
11. Өз үйіңді тап»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.
12. Қандай пішін жетіспейді?
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.
14. Қуыршақ қонаққа дайындалуда
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
15. Қай қолымда көп
Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.
16. Танып ал да, атын ата
Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Көрнекілік: Топтағы ойыншық.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
18. Вагондарға дөңгелек таңдау
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
» Кіші топ балаларына арналған дидактикалық ойындар»
» кіші топ балаларына арналған дидактикалық ойындар»
Просмотр содержимого документа
«» Кіші топ балаларына арналған дидактикалық ойындар»»
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
Қоңырау қайдан естіледі?
Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).
Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
Кішкене өзен арқылы.
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.
Көпіре гөр көбік-шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.
Ойын қайталанған кезде педагог кімнің қандай шар әкелгенін жариялайды: қызыл, сары, т.б.
Пластмассадан жасалған шармен ойынды учаскеде де, тоғай ішіндегі алаңда да өткізуге болады; ағаштан жасалып, сырты жылтыратылған шармен оның бүлінбесі үшін, үй ішінде, кілем үстінде ойнаған дұрыс.
Тәрбиеші балалардың бір жерге шоғырланбай, бүкіл алаңның бойымен жүгіруін (әр бала өз шапшаңдығымен жүгіреді) қадағалайды.
Алғашқыда ойын азғана балалармен жүргізіледі, одан соң бірте-бірте ойнаушылардың саны көбейе түседі.
Күн шұғыласы (сәулесі).
Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:
Ойнайды сәуле құбылып.
Ымдасаң болды «кел» деп,
Жетеді демде жүгіріп.
Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.
Мені қуып жетіңдер.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.
Маған қарай жүгіріңдер.
Ойын осылай 4-5 рет қайталанады. Алғашқы кезде ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс, кейін ойнаушылардың саны арта түседі (үйлеріне қайтқан кезде балалардың кез-келген орындыққа отыруына болады).
Мысық пен тышқандар.
Ойын азғана балалар тобымен бөлмеде (кілем үстінде) немесе далада, жұмсақ шөпті алаңда, өткізіледі.
Қырынан қойылған гимнастикалық сатының, рейканың немесе кендір жіптің көмегімен тышқандарға арналған орын қоршалады. Мысық таңдап алынады. Ол үлкен орындыққа немесе кесілген ағаштың түбіріне отырады. Тышқандар індерінде отырады.
Тәрбиеші былай дейді:
Тышқанға сақшы санап өзін мысық,
Жатады ұйықтағансып көзін қысып.
Тышқандар індерінен жүгіріп шығып (сатының баспалдақтары арасынан өтеді немесе жіптен секіреді), жүгіре бастайды.
Біраз уақыттан кейін тәрбиеші:
Тынышталыңдар, тышқандар, бекерге шулап күлмеңдер.
Бұл – мысыққа берілген сигнал; ол орындықтан түседі, төрт аяқтап тұрады, керіледі, қатты даусын шығарып «мияу» дейді де індеріне қашып бара жатқан тышқандарды ұстай бастайды.
Ойындарды басқа тышқандармен 3-4 рет қайталауға болады.
Алғашқыда мысықтың рөліне мықтылау, тез қимылдайтын балалады, ал кейін істеген ісін мақтап қойып, ұялшақтау балаларды да қоюға болады.
Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол кілем үстінде жатады, басын алға созылған қолымен аяғына қояды.
Қалған балалар жай ғана оған жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:
Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,
Әнеки жалбыр төбет жатыр сұлық.
Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,
Момақан, сырты пішіні жуас салғырт.
Ояталық жақындап барайық та,
Қайтер екен содан соң – қарайық та.
Төбет орнынан ұшып тұрып үре бастайды. Балалар қаша жөнеледі. Төбет оларды қуа жөнеледі. Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады. Төбет қайтадан кілемге жатады. Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.
Ойын азғана балалар тобымен жүргізіледі.
Тәрбиеші мекиен тауықты, балалар балапандарды бейнелейді. Бір бала (сәл үлкендеу) – мысық. Мысық шеттеу тұрған орындыққа отырады. Тауық пен балапандар бөлмеде жүреді.
Ертіп сары балапандарын,
Айдарлы әсем шықты тауық.
«Кетпеңдер ұзап, балақандарым,
Мысыққа жақындап келіп тәрбиеші былай дейді:
Тұрған жолдың бойында
Орындыққа бүк түсіп.
Не бар, қайдам, ойында
Жатыр ұйықтап бір мысық.
Ойын қайталанғанда, мысықтың рөлі басқа балаға тапсырылады.
Негізгі қимыл – секіру.
Тәрбиеші ойынды бір баламен ойнаудан бастайды. Қолын оның басына қойып, доп сияқты секіруді ұсынады. Бала қос аяқтап секіреді, ал тәрбиеші мынадай өлең айтады:
Секең, секең секеңдеп,
Қайда зырлап кетпес доп.
Төмен, төмен, төмендеп,
Жерге жетер-жетпес боп.
Доп болып осылай секіргісі келетіндер міндетті түрде табылады. Тәрбиеші әрқайсысымен кезекпен ойнайды.
Менің зымыраған көңілді добым.
Ойнаушы балалар тобы (5-6 адам) жартылай дөңгелек құрып, тәрбиешінің жанында тұрады. Допты бейнелейтін бір бала орнында тұрып секіреді, ал тәрбиеші алақанын оның басына қойып, мынадай өлең айтады.
Домалап қайда жөнелдің?
Қызыл, сары, көгілдір,
Жел аяқсың-ау өзің бір!
Бұдан кейін доп қашып кетеді, тәрбиеші балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады. Балалар ойынды әбден үйреніп игергенде, бәріне де доп сияқты секіруді ұсынуға болады.
Отырған мынау ақ қоян.
Алаңның бір жағында қояндардың орны белгіленді. Әр бала өз орнына тұрады. Тәрбиешінің: «Қоршауға жүгіріңдер» деген сигналы бойынша барлық балалар дөңгеленіп тұрады, ал қоянның біреуі ортаға шығады.
Балалар тәрбиешімен бірге тақпақ оқиды да текстің мазмұнына қарай қимыл жасайды.
1. Отыр аппақ, бір қоян.
Неткен сап-сақ бұл қоян.
Әр дыбысқа елеңдеп.
Балалар дөңгеленіп тұрады. «Құлақтары делеңдеп» деген сөз тіркесінен бастап ойын аяғына дейін балалар қолдарын жоғары көтеріп білезіктерінен бастап қимылдатады.
2. Қоян, жаурап суықта
Отырсың не күзетіп?
Табаныңнан сыз өтіп.
Оданда ырғып, ырғып ал,
Аяқтарын жылынар. Балалар «ырғып» деген сөзден бастап, аяғына дейін бір орында екі аяқтап секіреді.
3. Тұра, тұра суықта,
Қоян жаурап, торықты.
Алайын деп жылынып,
Әрлі-берлі жорытты. Балалар «әрлі-берлі жорытты» деген сөз тіркесінен бастап ойынның аяғына дейін бір орында тұрып, екі аяқтап секіреді.
4. Секең-секең, секең-секең,
Секіріп жылынады қоян-екең.
Үркітті де бір ноян,
Зытып берді сұр қоян. Тәрбиеші алақанын шапалақтайды, балалар өз үйіне тарайды.
Бұдан кейін ойын жаңа қоянмен қайта басталады.
Ойын басталғанға дейін тәрбиеші балалармен бірге қояндарға орын әзірлейді. Қыста алаңдағы қардың үстіне бояумен жақсылап қоршау сызуға болады: бөлмеде қояндар үшін орын (орындықтар) болады.
Сұр қоян жуынып жатыр.
Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:
Бармақ боп тойға сұр көжек,
Жуынып жатыр бүгжеңдеп:
Құлағын жуды – түртінді,
Құп-құрғақ боп сүртінді.
Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады.
5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады.
Негізгі қимыл – лақтыру (лақтыру, ұстау).
Тәрбиеші балаларға бір топ түрлі түсті шаралар көрсетеді, балаларға тек көруге ғана емес, тіпті ұстауға да мүмкіндік беріледі, олардың түр-түсін айтуды сұрайды. Бұдан кейін тәрбиеші шарды қалай домалатуды көрсетеді, одан соң балаларды біртіндеп шақырып, бір-екі шарды домалатуды ұсынады. Шарды домалатып бара жатқан бала өзі соның артынан жүгіреді және шарды кәрзеңкеге немесе жәшікке салады.
Ойын қайталанған кезде тәрбиеші балалардың шардың түсіне қалай назар аударатынын байқап алады. Мысалы, өзі қызыл шарды домалатады да балаға да сондай шар ұсынады. Немесе бірінен кейін бірін 2-3 шарды домалатуда тапсырма береді де (қызыл, жасыл), әр жолы түсін айтады. Тапсырманы әр жағдайға қарай өзгертіп тұруға болады.
балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір-біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.
8-10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.
Допты қақпаға түсіру.
Тәрбиеші балаларды доп (немесе әртүрлі шарлармен) ойнауға шақырады да ойнағысы келген немесе ойынға тартылған балалар жиналған жерде сызық жүргізеді. Сызықтан 1-1,5м жерде кішкентай қақпа тұрғызылады. Балаларға бір-бір доп таратып бергеннен кейін, тәрбиеші оларға допты қақпадан өткізуді ұсынады. бала допты домалатып, қуып келеді де сызыққа жеткеннен кейін кері оралады.
Ойынға 5-6 бала қатысады. Ойнаушы топтардың ауысуына болады; 2-3 рет ойнаған балаға тәрбиеші енді дем алуды, басқалардың қалай өткізетінін көруді ұсынады.
Қақпаны ірі құрылыс материалынан жасауға немесе оның орнына балалардың орындығын пайдалануға болады. Олардың аяғының арасынан балалар доп өткізеді.
Допты кәрзеңкеге түсір (дәл көзде).
Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір-бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. (Балалар мен меженің арасы бір жарым-екі метрден аспайды.) Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады.Егер бала межені дәл көздемесе, допты жерден(еденнен) көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады.
Ойын қайтадан басталады.
Негізгі қимыл – өрмелеу, еңбектеу.
Рейканы немесе жіптің көмегімен аздаған жер қоршалады
(сылдырауыққа дейін еңбектеп жет).
Балалар орындыққа отырады; олардан 2,5-3 м жерде сылдырауық жатыр. Тәрбиеші балаларды кезекпе-кезек атап, сылдырауықпен ойнауды ұсынады. ол үшін сылдырауыққа еңбектеп барып, оны алады, орнынан тұрады, сылдыратады қайтадан орнына қояды, сөйтіп, өз орнына келеді.
Балалар еңбектеуді үйренген кезде 3-4 сылдырауық қою ұсынылады, сонда қанша сылдырауық болса, сонша бала ойнай алады.
Ойында гимнастикалық қабырға немесе (учаскеде) үш қырлы кішкене дуал пайдаланады.
Балалар жоғары қарай өрмелеп және төмен қарай түскенде әрбір баспалдақты басуын міндетті түрде қадағалау керек.
Әр түрлі қимылды ойындар.
Тәрбиеші балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.
Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін тәрбиеші кімнің қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді. Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады. Тәрбиеші дөңгелекті машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды – бөлмеде жүгіруді ұсынады.
Кішкентай және үлкен аяқтар.
Тәрбиеші алдымен кішкентай аяқтар, одан кейін үлкен аяқтар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды.
Кішкене қоян, шыға ғой.
Бір топ бала тәрбиешімен бірге дөңгелене тұра қалады. Тәрбиеші кім кішкене қоян болады деп сұрайды. Бәрі айналып жүріп мынадай өлең айтады.
Жүр, көжегім, шыға ғой,
Сұр көжегім, шыға ғой!
Айтқанымды ұға ғой.
Міне, былай шыға ғой!
Кішкене деп атаған бала ортаға шығады. Өлеңнің ендігі шумағын айтып болғаннан кейін, барлық ойнаушылар, қоянға не істеу қажеттігін көрсеткендей, тиісті қимылдар жасайды. Ол да балалардың істеген қимылдарын қайталайды.
Жүр, көжегім, тап-тап бас!
Сұр көжегім, баптап бас!
Міне былай тап-тап бас!
Міне былай нақ-нақ бас!
Жүр, көжегім, билей ғой,
Сұр көжегім, билей ғой!
Міне былай билеп көр,
Міне былай билеп бер.
Жүр, көжегім жүгірші,
Сұр көжегім, жүгірші.
Міне былай бір ыршы,
Міне былай жүгірші. Жүр, көжегім, таңдап ал,
Сұр көжегім, аңдап ал!
Міне былай таңдап ал,
Дәнеңе жоқ таңданар!
Бұл сөздерден кейін кішкене қоян балалардың біреуіне жақындайды. Қалғандары орындарында тұрып өлең айтады.
Жүр, көдегім, тәжім ет,
Сұр көжегім тәжім ет!
Ұқпа мұны әзіл деп
Міне былай тәжім ет!
Ол кімге иіліп сәлем берсе, сол жаңадан кішкене қоян болады, ойын қайтадан басынан басталады.
Ескерту. Өлеңнің әп шумағынан кейін, қимылдың бағытын өзгертіп отыру керек.
Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.
О, алтын күн, алтын күн,
Әйнектен қара, жарқын күн!
Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).
Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.
Қолдың буындары мен саусақтары бұлшық еттерін жетілдіруге арналған ойындар
Ойын үшін балаларға тесіктері бар кішкентай стол мен түрлі түсті саңырауқұлақтар береді. Ойынның басында тәрбиешіні балаларға саңырауқұлақтарды столдың тесігіне қалай тығуды көрсетеді. Балалар мұны жақсы меңгергеннен кейін тәрбиеші балалардың назарын саңырауқұлақтардың түр-түсіне аударады да тапсырманы қиындатады: саңырауқұлақтарды сол түспен дөңгелектеліп көрсетілген тесіктерге тығу керек дейді.
Ойын үшін балаларға үсті төртке бөлініп, негізгі төрт бояумен боялған кішкентай стол беріледі. Мұндай жағдайда балалар саңырауқұлақтарды столдың тиісті түсі бар жағында орналасқан тесікке тығуы керек.
Балалар бір-біріне үйреніп, бірге ойнауға дағдыланған кезде екіден төрт адамға дейін біріктіруге болады. Тәрбиеші бұл ойынға балалардың майда бұлшық еттері мен саусақтарының қимылдарын жетілдіру мақсатымен, бірте-бірте балаларды тартады. Барлық балалар ойынның ережесін әбден игергеннен кейін, оны емін-еркін пайдалануға береді.
Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға тәрбиеші бір мезгілде 5-6 баланы қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.
Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке (стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін үйренгенде тәрбиеші олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны қалай жасау керек екенін көрсетеді.
Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде тізбектеледі.
Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан, пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.
Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы қимылды қайталағысы келеді.
Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.